Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, облыстық психикалық денсаулық орталығында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Емдеу мекемесінің мамандары облыс тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, медициналық кеңес берді. Қабылдауды орталыққа қарасты №3 және 6 бөлімшесінің дәрігерлері мен "Диспансер" бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Шара барысында дәрігер-психиатр, нарколог, балалар психологы келушілердің сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешуге атсалысты.

"Бүгін 30-дан астам облыс тұрғынына кеңес бердік. Келушілер орталықта ем алуға қатысты сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, заң аясында мүгедектікті алу жолдарына орай кеңес бердік. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ", - деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Ақтоты Әлназарова.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу