Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БОЛАШАҒЫ ЗОР ЖАС МАМАН


Үстіміздегі жылы облыстық психикалық денсаулық орталығы дәрігерлерінің құрамы жас мамандармен толықты. Жаңадан қызмеке кірісіп, халық денсаулығы жолында алғашқы қадамдарын жасаған ақ халаттылардың бірі – Батырхан Сайымбетов. Бүгінде жас маман емдеу мекемесі білікті дәрігерлерімен тәжірибе алмасып, практикалық білімін арттыруда. 

Батырхан Сайымбетов М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік медициналық университетінің түлегі. Дәрігер-психиатр бала кезінен медицина саласында еңбек етіп, науқастарды дертінен емдеуді мақсат еткен. Бүгінде осы бағытта жұмыс жасап келе жатыр. 

«Қазір мен орталықтың №1 «Ерлер» бөлімшесінде еңбек етіп жатырмын. Мұнда шизофрения, ақыл есі кем, эпилепсия және т.б. дертіне шалдыққан азаматтар ем алады. Күнделікті жұмыс барысында тәжірибесі мол әріптестеріммен иық тіресе қызмет жасаймын. Үйренетіміз көп, бастысы мамандығыма деген сүйіспеншілігім зор. Басты мақсат халыққа сапалы медициналық көмек беру, психикалық дертке шалдыққан жандарды емдеу. Бос уақытымды білімімді арттыруға арнаймын», - дейді жас дәрігер.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу