Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ОРТАЛЫҚТА ТІС ДӘРІГЕРІ КАБИНЕТІ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ


Облыстық психикалық денсаулық орталығында тіс кабинеті жұмыс жасайды. Білікті дәрігер Айзада Аханова мекемеде ем алып жатқан науқастардың тісін емдеп, түрлі стоматологиялық шараларды тегін жүзеге асырады. Кабинет жұмысқа қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Яғни, тіс емдеуге арналған саймандар күнделікті залалсыздандырылып, тазаланады. Мұнда күніне онға жуық азаматқа қызмет көрсетіліп, қажетті көмек беріледі.

"Тіс ауруы адамның жанына ерекше бататыны рас. Біздің орталықта науқастар жарты жылға дейін жататын кездері болады. Ол кісілердің сыртқа шығуға мүмкіндіктері жоқ. Сол себепті орталықта тіс кабинеті жұмыс жасайды. Тісі ауырған жағдайда маған келіп, шағымын айтады. Мен қажетінше емдеп, алғашқы көмекті көрсетемін.Дәрі-дәрмектер қоры жеткілікті. Барлық қызмет тегін көрсетіледі. Орталықта тьіс дәрігері кабинеті 10 жылдан аса уақыт үздіксіз қызмет көрсетіп келеді", - деп атап өтті Айзада Аханова.

Дәрігер - стоматологтың айтуынша, тіс емдеу процесі өте күрделі. Сол себепті созылмалы ауруларда ұзақ бақылауды қажет етеді. Ең дұрысы, әр адам тіс гигенасына дұрыс көңіл бөліп, ауыз қуысы тазалығын сақтауы тиіс. ​


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу