Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

КӘСІПТІК МІНДЕТ - БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ


Осыдан екі апта бұрын облыстық психикалық денсаулық орталығы жанынан инфекциялық стационар жұмысын бастаған болатын. Аймағымызда коронавирус індетінің өршуіне байланысты ашылған емдеу мекемесі 20 төсекке лайықталған. Қазір мұнда 4 науқас емдік шараларын қабылдап жатыр. Айта кету керек, кеселді дерттің тырнағына ілінген жандар бұрыннан ​ созылмалы жүйке жүйесі ауруы бойынша есепке алынған азаматтар.

Қазіргі уақытта стационарда 7 маман жұмыс жасауда. Қиын кезеңде жауапты міндетті мойнына алғандардың бірі дәрігер - психиатр Гүлнар Алтыбанбасова. Тәжірибелі маман стационардағы жұмыстың оңай емес екенін айтады.

"Қазір медицина саласының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ақ халаттылар үшін кәсіптік міндет - бәрінен маңызды. Бүгінде күндіз-түні науқастардың жанынан табылып отырмыз. Ең қиыны отбасыңнан, жақындарыннан жырақта жұмыс жасау екен. Стационар ашылғалы осындамыз, балама деген сағынышым ерекше. Жерлестерімді сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Сол кезде ғанабұрыңғы беймарал уақытқа оралып, еш алаңсыз жақындарымызбен қауышамыз", - дейді Гүлнар Жағыпарқызы.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу