Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ


Бүгін, 1 маусым – халықаралық Балалар құқығын қорғау күні. Мерейлі мереке орай, облыстық психикалық денсаулық орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Психиатрия саласы бойынша ем алып жатқан балаларға сыйлықтар таратылып, концерттік бағдарлама өткізілді.

Бұл мерекені орталықтың кішкентай науқастары ерекше ықыласпен күтеді. Биылғы жылы да мереке жоғары деңгейде өтіп, балғындарды керемет көңіл-күйге бөледі. Бағдарлама ааясында облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Әділбай Медетбаев сөз алып, балаларға ыстық ықыласын жеткізді. Мұнан соң сыйға әкелген тәттілерін таратып, балаларға қуаныш сыйлады. Түрлі ойындар ойнатылып, мерекенің көркі айшықтала түсті.

Балаларды қуантуды көздеген шарадан аймағымыздың қайырымды жандары да тыс қалған жоқ. Демеушілер түрлі сый-сияпаттарын әкеліп, кішкентай ем алушыларға табыстады. Медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы да дәмі тіл үйірер жеміс-жидектерін жеткізіп, түрлі марапаттар тағайындады. Әсем ән әуелеген шара келішулердің жүрегіне жылылық ұялатып, жақсылыққа сенімді арттырды.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу