МАМАНДЫҒЫНА АДАЛ, БІЛІКТІЛІГІ ЖОҒАРЫ ДӘРІГЕР
Облыстық психикалық денсаулық орталығында өз ісіне адал, біліктілігі жоғары, білімі мол дәрігерлер жұмыс жасайды. Ақхалаттылар үшін ең бірінші кезекте халықтың денсаулығы маңызды. Олар психикалық дертке шалдыққан науқастарға тиісті ем жасап, азаматтардың қалыпты өмір сүруіне ықпал етеді.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз антына адал абзал жандардың бірі.
Виолетта Ким орталыққа қарасты №6 «Ерлер» бөлімшесінің меңгерушісі. Денсаулық сақтау саласында 30 жылғы жуық еңбек өтілі бар. Осы уақыт ішінде Виолетта Викторқызы өзін біліктілігі жоғары маман ретінде танытып, жоғары жетістіктерге жете білді.
Дәрігер Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының түлегі. Алғаш еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасында дәрігер-ординатор ретінде бастаған. 2017 жылдан бері «Ерлер» бөлімшесін басқарып келеді. Виолетта Викторқызы жетекшілік ететін бөлімше үздіктердің ішінде.
Маман бүгінде санитарлық ағарту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізеді. Науқастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, тәжірибеге жаңа препараттарды енгізеді.
Виолетта Ким бірнеше рет психиатрия, психотерапия және наркология саласында білімін жетілдірген. Бүгінде жоғары санаттты дәрігер-психиатр. Осы уақытта дейін маманның жеткен жетістіктері жетерлік. Оның ішінде ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.