Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Құрметті әріптестер, ақ халатты абзал жандар! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Халық денсаулығы жолында жасаған еңбектеріңіз еселене берсін.

Дәрігер болу - үлкен жүректілікті қажет етеді. Қиындығы мен қызығы мол сала. Медицина саласы қызметкерлері үшін ең бастысы - халықтың алғаусыз алғысы мен берген батасы. Өткен жылдан бері бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп келеді. Қауіпті кеселмен күресте алдыңғы шепте тер төгіп жүрген мамандар талай азаматты ажалдан арашалап қалды. Өздерінің денсаулығы мен өміріне қауіп төнсе де, анттарына адалдық танытып келеді. Мен сіздердің алдарыңызда басымды иемін!

Өткен жылдың шілде айында облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері "Сейхун" провизорлық орталығында жұмыс жасады. Мамандарымыз үйлеріңе қайтпай, демалыссыз еңбек етті. Аптап ыстықта қорғаныш киімдерімен талай ем алушыға медициналық көмек көрсетті. Стационардағы жағдай соғыс алаңынан кем болған жоқ. Ең бастысы, төгілген тер еш кетпеді. Мыңдаған адамды дертінен жазып, отбасыларыңна оралуына септігімізді тигіздік.

Құрметті әріптестер! Бүгінгі қоғам бізді бейбіт күннің батырларына теңеп жүр. Осы атқа лайықты болайық! Азаматтық арымыз бен ақ халатымызға ешқашан дақ түспесін. Мерейлі мереке құтты болсын!

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу