73 ЖАСТАҒЫ САЛА АРДАГЕРІ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ
Қазір әлем бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Күннен-күнге коронавирус індетіне шалдығып, денсаулығы сыр бергендердің қатары көбеюде. Мамандар кеселді дертті жеңудің жалғыз жолы - вакцина салдыру екенін жалықпай айтып келеді.
Облыстық психикалық денсаулық орталығының 73 жастағы сала ардагері Абибулла Сыздықов екпе салдырып, ұжымдың иммунитетті қалыптастыруға өзінің үлесін қосты. Көп жылдар бойы емдеу мекемесінің шаруашылық саласын тізгіндеген қарт, осылайша өзгелерге үлгі көрсетті.
"Қазір өте қиын кезең. Барлығымыз бірдей дәрігерлердің кеңесіне құлақ түруіміз керек. Мен де вакцина салдырамын деп шештім. Екпе мені және менің жақындарымды қауіпті аурудан сақтайтынына сенемін. Аға буын өкілдері жастарға үлгі болуы керек", - деп атап өтті сала ардагері.