Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

"СЕЙХУН" провизорлық стационары науқастарды қабылдап жатыр


Өңірімізде санитарлық - эпидемиологиялық ахуалдың күрделеніп, қауіпті індетке шалдыққан науқастар санының көбеюіне байланысты "Сейхун" провизорлық орталығы жұмысын бастады. 500 орындық стационарда облыстық психикалық денсаулық орталығының 70-ке жуық маманы еңбек етіп, халықты коронавирус індетінен емдеуге атсалысып жатыр. Қазіргі уақытта дәрі - дәрмек тапшылығы мен ИВЛ аппараттарына жетіспеушілік жоқ.

"Провизорлық стационар санаулы уақыттың ішінде жұмысын бастап кетті. Ем ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттама аясында жүргізіліп жатыр. Күнделікті түсіп жатқан науқастар саны өте көп. Қызметкерлер өз өміріне қауіп төнсе де, жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып жатыр. Сақтық шараларын күшейтіп, денсаулығымызға көңіл бөлейік", - деп атап өтті провизорлық стационар координаттары Аман Тұрсынов.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу