Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ОРТАЛЫҚТА ӨТКЕН ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ



Облыстық психикалық денсаулық орталығында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған есептік жиын өтті. Басқосуға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов қатысып, емдеу мекемесі қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. 

Есептік жиынның бағдарламасына сәйкес, алдымен облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов баяндама жасап, наркологиялық және психиатриялық стационарлардың жұмысы туралы ақпарат берді. 2021 жылы орталыққа қарасты наркологиялық стационар Баймұрат батыр елді-мекенінде орналасқан ғимаратта көшірілген болатын. Күрделі жөндеуден өткен нысан стационарлық қызмет көрсетуге ыңғайландырылды. Сантехникасы және кәріз жүйесі ретке келтірілді. Асханасы автономды газге көшірілді. Бүгінде науқастар қолайлы ғимаратта сапалы емін алып, медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.

Мұнан соң, орталық директоры Әділбай Медетбаев емдеу мекемесінің экономикалық мәселелері мен алға қойған мақсат-міндеттері туралы баяндама жасады. Айта кету керек, облыстық психикалық денсаулық орталығының науқастары құнарлы тағам мен тегін дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген. Бұл ретте ешқандай проблема туындаған емес. Ең басты жаңалық - орталық 2022 жылға кредиторлық қарыздарсыз қадам басты!

"Бұл біз үшін үлкен жетістік! Нәтижелі жұмыстың нақты нәтижесі деп ойлаймын. Мамандарымыз коронавирус індетімен күресте де өз үлестерін қосып келеді. Жаз мезгілінде "Сейхун" инфекциялық стационары жұмыс жасады. Сонымен қатар, психиатриялық стационарға қарасты арнайы "Фильтр" бөлімшесі бар. Қауіпті кеселмен бетпе-бет келіп, жұмыс жасаған әріптестеріме алғысымды білдіремін", - деп атап өтті Әділбай Қаниұлы. 

Жиын соңында, Сабит Бексеитұлы орталықтың өткен жылы атқарған жұмысына оң бағасын берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мамандардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу