Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА


Бүгін Сабалақ саяжайында орналасқан қалалық №4 емханаға қарасты бөлімшеде медицина саласы мамандарының қатысуымен "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Облыс әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлесе өткізген іс-шараға біліктілігі жоғары және тәжірибесі мол дәрігерлер қатысты. Олардың қатарында 

облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Ақтоты Әлназарова да бар. Дәрігер-психиатр жергілікті тұрғындарға психикалық денсаулық бағытында кеңес беріп, сұрақтарына толық жауап берді. 

Жалпы, аталмыш іс-шара Тасбөгет кенті және оған қарасты Ақсуат ауылдық округі, Махамбет  ауылы мен Сабалақ саяжай тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған "Сервистік қызмет көрсету тәсілдерін енгізу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету" жобасы аясында өтті. Ақпарат үшін айта кетсек, бүгінгі күні Тасбөгет кентінде 31987 адам тұрады. Кент аумағында негізгі медициналық қызметті қалалық №4 емхана жүзеге асырады. Осы орайда жергілікті тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру жолында аталған шаралардың маңызы ерекше.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу