Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Құрметті қызылордалықтар!


Құрметті қызылордалықтар! Қымбатты жерлестер!

Бүгін халқымыз асыға күтетін Наурыз мерекесі! Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырып, салт - дәстүріміз қайта жаңаратын шақ. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұл мерекені кеңінен тойлауға мүмкіндік алдық. Сол себепті, ең бірінші кезекте, Егемендігіміз тұғырлы болсын дегім келеді.

Қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, табиғаттың гүлденетін, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің нұрланатын сәтінде несібеміз арта берсін! 

Құрметпен, облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Әділбай Медетбаев.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу