Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35

Еліміздегі есірткі заттарына тәуелді азаматтардың саны бойынша ресми статистика қандай? Кім көбірек: ер адамдар ма, әйелдер ме? Олардың жасы қандай?

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, ресми наркологиялық есепте тұратын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың саны 2021 жылы 18693 адамды (100 мың халыққа шаққанда алдын ала 98,5), 2020 жылы 20259 адамды (100 мың халыққа шаққанда 107,3) құрады. 

1-кесте. Психикалық белсенді заттарды (ПБЗ) пайдалану салдарынан динамикалық бақылауда тұратын психикалық және мінез-құлық бұзылулары және құмар ойындарына патологиялық әуестігі бар адамдардың саны:

Диагноз

2017

2018

2019

2020

2021

Маскүнемдік

110798

102478

99487

94413

91725

Нашақорлық

24883

22748

22003

20259

18693

Ойынға тәуелділік

10

12

13

13

9


Кім көбірек: ер адамдар ма, әйелдер ме? Олардың жасы қандай?

Ерлердің әйелдерге қатынасы 1:11 құрады. Негізгі жас 35-45 жасқа тура келеді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу