Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының науқастары еңбек терапиясымен емделуде
2017 жылы Қызылорда облыстық психикалық денсаулық
орталығы жанынан психотерапия және медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі
ашылған болатын. Аталмыш емдеу мекемесінің дәрігерлері науқастарды еңбек
терапиясы арқылы емдейді. Ем алушылар бақшы егіп, қолөнерімен айналысады.
Мамандардың айтуынша, мұндай әдіс өз нәтижесін көрсетуде.
№7 бөлімше
қала іргесіндегі Баймұрат батыр ауылында орналасқан. 40 төсектік мекемеде 30-ға
жуық адам ем алады. Науқастар ұдайы білікті мамандардың бақылауында. Мұнда
психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, психотерапевтер және психиатр –нарколог
дәрігерлер еңбек етеді.
Бөлімшеде жұмыс негізінен 4 бағытта жүзеге асырылады. Бұл; «Еңбек», «Тәртіптік», «Оқу» және «Босшақ». Әр науқас күн тәртібін қатаң ұстануға мүндетті. Ем алушылар бақшада еңбек етіп, көкөніс өнімдерін егеді. Сондай-ақ мамандар ұйымдастырған семинар-тренингтерге қатысады. Түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Ем алушыларға кітапхана мен спортзал қызмет көрсетеді. Осылайша бос уақыттарын тиімді өткізетін азаматтар дерттерінен айығып, зиянды әдеттерінен арылуға мүмкін алады.