Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 68 60
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БІЛІМІ МЕН БІЛІКТІЛІГІ ҰШТАСҚАН ЖАН


Облыстық психикалық денсаулық орталығында саналы ғұмарын медицина саласына арнап келе жатқан мамандар аз емес. Солардың бірі - №2 бөлімшенің аға мейірбикесі Рая Керімова. Білікті қызметкер 40 жылдан астам уақыт денсаулық саласында еңбек етіп, науқастарды емдеумен айналысып келеді. Бүгінде біліктілігі мен білімі ұштасқан жанға ем алушылардың алғысы шексіз.

Рая Әбдіхалыққызы 1961 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Бала кезінен медицина қызметкері атанып, халықтың мүддесіне еңбек етуді армандағанын айтады. Осы мақсатта Қызылорда медицина колледжінің «Фельдшер» мамандығына оқуға түседі. Оқу орнын тәмамадағаннан кейін, алғаш еңбек жолын Қызылорда қалалық емханасының реанимация бөлімшесінен бастайды. Мұнда жас маман сестра – анестезистка болып жұмыс жасайды. Ота жасалған науқастарға көмек көрсетіп, қиын міндетті жауапкершілігімен атқарады.

Рая Керімова 2002 жылдан бері облыстық психикалық денсаулық орталығында еңбек етіп келеді. Бүгінде №2 «Есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу» бөлімінің аға мейірбикесі. Рая Әбдіхалықова орта және кіші буын қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырып, әр маманға қажетті бағыт-бағдар беріп отырады. Білікті жан медицина саласының ардагерлері қатарын толықтырып келеді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу