Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35

«Динамикалық бақылау» ұғымы нені білдіреді?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес келесі ұғым қолданылады: «динамикалық бақылау – бұл емделушінің денсаулық күйін жүйелі бақылау, сондай-ақ осы бақылаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету».

Динамикалық бақылау ауыр, тұрақты, жиі асқынатын ауру белгілері бар созылмалы немесе ұзаққа созылған психикалық және мінез-құлық бұзылуынан (ПМБ) зардап шегетін адамға қатысты белгіленеді (Кодекстің 176-бабы, 2-тармағы). 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - № 203 бұйрық) ПМБ бар адамдарды динамикалық бақылау асқынулардың және созылмалы ПМБ ағымы нашарлауының алдын алу мақсатында жүргізіледі.

Динамикалық бақылау мыналарды қамтиды: емдік-диагностикалық іс-шаралар, денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру, оңалтудың дербес бағдарламасын әзірлеумен оңалту әлеуетін анықтау, қоғамдық қауіпті әрекеттердің алдын алу. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу