Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35

Әкімшілік

Бас дәрігер 

Медетбаев Адилбай Каниевич


Дәрігер-хирург, жоғары санаттағы денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушы.

Медетбаев Әділбай Қаниұлы 1964 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының "Емдеу ісі" бөлімін тәмамдаған. 1 жыл көлемінде Қызылорда облыстық ауруханасында хирургия бағыты бойынша интернатурадан өткен. Еңбек жолын Қазалы аудандық ауруханасында бастаған. Мұнда 1993-1995 жылдары аралығында дәрігер – хирург болып еңбек етті. 1995-2002 жылдары аралығында Жамбыл облысы Мерке аудандық ауруханасында хирург болып қызмет атқарды. 2001-2003 жылдары аталмыш емдеу мекемесі бас дәрігерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша орынбасары болып еңбек етті.

2003 жылы көшуіне байланысты, Қызылорда қаласының №2 емханасына қарасты хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті. 2004 жылы Әділбай Қаниұлы №5 емхананың бас дәрігері қызметіне тағайындалды. 2006 жылы Қараөзек аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.2005 жылы №5 емхананы, 2010-2017 жылдары аралығында №6 емхананың бас дәрігері болып жұмыс жасады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып келеді. 

Еңбек жолында Әділбай Медетбаев бірқатар марапаттарға ие болды. ҚР Мәслихатының 20-жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы төс белгілерімен марапатталды. Екі мәрте облыс әкімінің "Алғыс хатына" ие болып, құрмет төрінен көрінді. Сондай –ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан "Мақтау" хаттарымен марапатталды. Қызылорда қаласы мәслихаты Ү шақырылымының депутаты болды.

Тел.: +7 7242 24 66 25

Қабылдау сағаттары:

күн сайын сағат 10.00-12.00, 16.00-18.00


Бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары

Гулаим Шариповна Сейлханова


1978 жылы Қызылорда медициналық училищесiнiң "медицина iсi" бөлiмiне түсiп, оны 1980 жылы бiтiрдi. 1980-1987 жылдар аралығында Жалағаш  аудандық ауруханасында аяжан болып еңбек жолын бастады.

1987 жылы Семей қаласының мемлекеттiк медициналық  институтынының   «емдеу iсi»  факультетiне   түсiп,  оны  1993 жылы ойдағыдай аяқтап шықты. 

1993 – 1994 жылдарда қалалық ауруханада дәрiгер-терапевт жұмысында болды.  1994-1998 жылдары  № 3-ші қалалық емханасында әуелi дәрiгер-физиотерапевт, кейiннен профилактика бөлiмiнiң  меңгерушiсi болып қызмет атқарды.

1998 жылы Қызылорда облыстық наркологиялық диспансерінде дәрiгер-нарколог, кейiннен бас дәрiгердiң емдеу жөнiндегi орынбасары қызметін бүгінгі күнге дейін атқарып келедi. 

Медицина саласындағы жалпы жұмыс өтілі - 34 жыл.

Еңбек еткен жылдар iшiнде бiлiмiн жетiлдiру мақсатында 7 рет наркология саласы бойынша және "Денсаулық сақтау  саласында ұйымдастыру және басқару" тақырыбында  Алматы, Павлодар қалаларында білімін жетілдірді. 

Тел.: +7 (7242) 23-76-10

Қабылдау сағаттары:

күн сайын сағат 16.00-18.00

Бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары

Сарсенова  Рыскуль Олжабаевна


Жоғары біліктілік санатты  дәрігер-психиатр, 1 біліктілік санаттағы денсаулық сақтау саласының  ұйымдастырушы

Тел.: +7 7242  24 69-41

Қабылдау сағаттары:

күн сайын сағат 09.00-10.00, 15.00-16.00

Психотерапия және медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесінің меңгерушісі

Ережеп Ақтоты Қыдырбайқызы


Дәрігер - психотерапевт-нарколог, психиатр.1984-94ж.ж. ОҚО, Алғабас ауданында, Абай атындағы орта мектебін тәмамдаған.Еңбек жолын 1994-96 ж.ж. аралығында Шымкент мемлекеттік медицина институтының«Қалыпты анатомия» кафедрасында лаборант болып бастады.

1996-2002 ж.ж. аралығында жоғарыда аталған оқу орнының «Педиатрия» факультетінде оқып. 2002-2003ж.ж. ОҚММА-да интернатураны тәмамдап, «Педиатр» мамандығын иемденген.

2003-2004ж.ж. аралығында Шымкент қалалық балалар ауруханасында емізулі балалар бөлімшесінде дәрігер-педиатр қызметінде жұмыс жасаған.

2004жылдан, яғни соңғы 15 жылдан бері Қызылорда Облыстық наркологиялық орталығының №6 Психотерапия және реабилитациябөлімшесінде дәрігер-психотерапевт, 2012жылдың наурыз айынан 2017 жылдың желтоқсан айына дейін аталған бөлімшенің меңгерушісі қызметін атқарған. 2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап ОНО-ның құрылымдық бөлімшесі ретінде ашылған психотерапия, медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесінің меңгерушісі қызметінде.

12.04-18.05.2005ж.СММА-ның дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінде, Павлодар қаласында орналасқан нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми тәжірбиелік орталығында «Медициналық психология және психотерапия» (қазіргі топтық психотерапия) циклы бойынша психиатр, психотерапевт, медициналық психолог мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

2008ж. ПБЗ-ға тәуелділердің медициналық-әлеуметтік сауықтыру циклы бойынша психотерапевт дәрігері,

2009ж. Наркологиялық сараптаманың мәселелері циклы бойынша нарколог - дәрігері мамандықтарын иемденіп шыққан.

28.02-25.07.2011ж.ж. аралығында « Психиатрия» (нарколог) мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

Жұмыс барысында жеке, рационалды, жанұялық, когнитивті-бихевиоралды, АРТ-терапиялық, топтық психотерапия сессияларын жүргізумен қатар релаксация, ГРОФФ (автор бойынша) әдісі бойынша холотропты тыныс алу сеанстарын кеңінен қолданады.

2014ж. РППНҒПО «Наркологиялық куәландыру мәселелері» тақырыбында

2014ж. РППНҒПО «Кәмелетке жасы толмағандарда суицидтік мінез-құлықтың алдын алу негіздері», «Балалар мен жеткіншектердегі суицидтік мінез-құлық диагностикасы»  тақырыбы бойынша біліктілігін арттырған.

2007ж. Алматы қаласында өткізілген Республикалық ғылыми тәжірбиелік конференциясына қатысып жинақ кітапқа бір мақаласы және де 2012ж. Павлодар қаласынан шығатын «Вопросы наркологии Казахстана» атты ғылыми-тәжірбиелік журналына 3 мақаласы, жергілікті газеттерге бірнеше мақалалары жарияланған.

Сондай-ақ акция, семинарлық сабақ, спорттық жарыстарға белсене қатысқаны үшін

2006ж. Медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасының 40-жылдығында воллейбол түрінен II-орынға, Облыстық кәсіподақ комитетінен күміс медалін иемденіп, жақсы ұйымдастыру жұмыстарымен ерекшеленіп,

2008 ж. «Кәсіби жетістіктері және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан үшін» ОНО-ның мақтау грамотасымен,

2010ж.2017ж. Қызылорда ОДСБ денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылдар бойы адал да қажырлы еңбек, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін алғыс хатпен марапатталған.

2015ж . «Медиативтік технологиялар: медициналық жұмыскерлердің қызметіндегі даулы жағдайларды алдын алу және шешу» бағдарламасы бойынша оқуды табысты аяқтағаны туралы сертификат берілген.

2015ж. Астана өрлеу кәсіби даму орталығында «Медициналық мекемелерге арналған мемлекеттік сатып алулар: толық өзгерістер мен енгізулерге шолу. Тауар мен тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша сатып алуларды ұйымдастыру және өткізудегі жаңартулар» тақырыбындағы семинарынан өтіп сертификат иемденген.

2016ж. Павлодар қаласында «Современные подходы к лечению и ребилитации хронических психических заболевний» тақырыбында сертификат иемденген.

2016ж. 2018ж. ЮНИСЕФ халықаралық экспертімен «Ведение подростков с проблемами психического здоровья (подростки с суицидальным поведением и в конфликте с законом)» тақырыбында семинардан сертификат иемденген.

2018ж. Алматы қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Мировые тренды развития службы психического здоровья: психосоциальная реабилитация» тақырыбында өткен семинарда сертификат иемденген.

2016ж. Павлодар қаласында «Современные подходы к лечению и ребилитации хронических психических заболевний» тақырыбында сертификат иемденген.

2018ж. ҚР конституция күні мерекесіне орай, ұзақ жылдар бойғы ерен де қажырлы еңбегі, қоғамға және қаланың көркеюіне қосқан үлесі үшін, Қала әкімімен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған медальмен марапатталған.

2018ж. 2019ж.Ақжарма ауылдық округі әкімі Ж.Т.Әлиевтен алғыс хат алған.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу