Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ОРТАЛЫҚТА ОЛИГОФРЕНО - ПЕДАГОГ МАМАНЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Облыстық психикалық денсаулық орталығында Олигофрено - педагог маманы қызметіне кірісті. Жас маман Айгерім Базарова ақыл-есі кем балалармен жұмыс жасайтын болады. Ол ем алушылардың диагнозына қарай, оқу мен жазуды үйретіп, логикалық есептер шығаруға машықтандырады. Сонымен қатар, балалардың ойлау жүйесін дамытуға септігін тигізетін ойындар ойнатпақ. Айгерім өзіне жүктеліп отырған жауапкершіліктің маңызын жақсы түсінеді. 

"Қазіргі уақытта орталықтың "Балалар" бөлімінде 22 науқас ем алып жатыр. Басым көпшілігі ақыл-есі даму жағынан кейін қалған балғындар. Ем алушылармен жан-жақты жұмыс жасайтын боламын. Ең басты мақсат - балаларға көмек көрсету. Алдағы уақытқа көп жоспарым бар. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырғым келеді", - дейді Айгерім Базарова.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу