Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ


Аймағымызда дәстүрлі медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өз мәресіне жетті. Биыл 54-ші мәрте жалауын көтерген іс-шара денсаулық сақтау саласының ардагерлері  Дина Абпазова мен Әлайдар Әбдуайтұлының 80 жылдық мерейтойына арналған болатын. Қорытынды жиында үздіктер марапатталып, құрметке бөленді. 

Аталмыш спартакиадада спорттың 8 түрінен өткізілді. Тартысты додаға облыстың медицина мекемелерінің барлығы 23 команда қатысып, сынға түсті. 

Жарыс қорытындысымен, облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары командалық есепте Бас жүлдені жеңіп алды. Қызметкерлер арқан тартудан, эстафетадан, баскетболдан, орнында тұрып секіруден үздік көрсеткішке ие болды. Сонымен қатар, үстел теннисі, волейбол мен тоғызқұмалақ ойнаудан да жақсы нәтиже көрсетті. 

"Біздің команда дәстүрлі спартакиада жыл сайын жоғары жетістікке жетеді. Бұл мамандарымыздың ұдайы салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен үздіксіз шұғылдануының нәтижесі деп ойлаймын. Биыл жарыс екі ардагеріміздің 80 жылдық мерейтойтойына орай ұйымдастырылуда. Оның ішінде Дина Абпазова көп жыл облыстық психикалық денсаулық орталығында еңбек еткен алдыңғы буын әріптесіміз. Бұл кісінің медицина саласына сіңірген еңбегі бізге үлгі", - деп атап өтті облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Әділбай Медетбаев.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу