Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ҚАН ТАПСЫРДЫ


Бүгін облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты психиатрия саласының қызметкерлері қан тапсырды. Осылайша мамандар қанды аса қажет ететін науқастарға қолдау көрсетіп, үлгілі іс жасады. Қайырымдылық шарасына барлығы 30 адам қатысты. 

Ережеге сәйкес, қан орталығының мамандары алдымен донорлардан сынама алып, қан талдауы жасалынды. Яғни, ағзадағы қант пен холестериннің деңгейі анықталды. Сондай –ақ, қан беруге ниет еткен азаматтың денсаулығына қатысты ақпараттар жинақталды. Терапевт – дәрігердің рұқсатынан кейін ғана қан алынды. Жалпы дәрігерлердің айтуынша, қан тапсыру адам денсаулығына өте пайдалы. Бұл процесс қанның сұйылып, ағзаның жаңаруына септігін тигізеді. Сондай –ақ, денсаулығы нашарлап, қан қажет ететін науқасқа жаңа өмір сыйлауға мүмкіндік береді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу