Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС МЕЙІРБИКЕСІ ОҚУ СЕМИНАРЫН ӨТКІЗДІ


Облыстық психикалық денсаулық орталығы наркология саласының бас мейірбикесі оқу семинарын өткізді. Ақмарат Маханбетжанова орта буын қызметкерлеріне "Медициналық этика және деонтология" тақырыбында дәріс оқып, қолданыстағы бұйрықтарды түсіндірді. Жалпы мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді.

Қазір медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған кезең. Коронавирустық пандемиямен күресуде алдыңғы шепте жүрген мамандардың біліктілігін арттыру өте маңызды. Осы мақсатта Ақмарал Әбітайқызы мейірбикелердің жұмысына кеңінен тоқталды. Дәрігерлердің нұсқамаларын уақытылы орындау арқылы ғана науқастарды дертінен айықтыруға болады. Сонымен қатар, мейіргерлердің медициналық этиканы ұстанып, ұжымда өзінің жұмысын көрсете білуі керек.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу