Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ҚАУІПТІ КЕСЕЛДЕРДІ АЛДЫН-АЛУ МАҢЫЗДЫ


Бүгін облыстық психи­калық денсаулық орта­лығында "Оба мен тыр­ысқақ: қауіпті кесе­лдерді алдын-алу" та­қырыбында орта буын қызметкерлерінің қат­ысуымен семинар ұйым­дастырылды. Шараны Қызылорда обаға қарсы станциясының дәріге­р-бактериологы Еркін Барысов жүргізді. Білікті маман адам де­нсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ау­рулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағы­тында дәріс оқыды.


Көктем мезгілінде кө­птеген қауіпті кесел­дердің эпидемиология­лық жағдайы күрделене түсетіндігі белгіл­і. Қазіргі күні өңір­імізде оба мен тырыс­қақ ауруына қатысты ахуал тұрақты. Соған қарамастан, сақтық шараларына селсоқ қа­рауға болмайды. Семи­нар барысында дәріге­р-бактериолог аталмыш дерттердің қалай жұғатындығы жөнінде толық мағлұмат берді. Оба ауруының негізгі тасымалдағышы жәнд­іктер мен жануарлар екені белгілі. Клини­калық белгілері жоға­ры температура, әдлс­іздік пен бас ауруы. Осындай симптомдары бар науқастарды емд­еуде орта буын қызме­ткерлерінің біліктіл­ігі айрықша рөл атқа­рады.


Әрбір маман қолды за­лалсыздандыру тәртіб­ін білуі тиіс. Сонда­й-ақ көп реттік пайд­аланылатын қорғаныш киімдерін тәртіпке сай кие білгені дұрыс. Семинар аясында, Еркін Барысов оба мен тырысқақ ауруларының белгілері байқалған науқаспен жұмыс жа­саудың алгоритміне егжей-тегжейлі тоқтал­ды. Сондай-ақ, алғаш­қы медициналық көмек­тің қалай көрсетілет­індігі жөніндегі нұс­қаулықпен таныстырды. ​


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу