Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

КҮРДЕЛІ-ЖӨНДЕУ-ЖҰМЫСТАРЫ-АЯҚТАЛУҒА-ЖАҚЫН


Бүгінгі таңда облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты психотерапия және медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Баймұрат батыр елді мекенінде орналасқан нысанның шатыры толығымен жаңаланып, есік - терезелері ауыстырылды. Сондай-ақ, электр желілері де жаңадан іске қосылды. Ендігі кезекте аула жұмыстары жасалынатын болады. 

Жалпы бұл нысан 1983 жылы пайдалануға берілген. Сол уақыттан бері ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 2017 жылы орталыққа қарасты 40 төсектік

№7 бөлімше ашылған болатын. 

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында мұнда жаңа спорт алаңы іске қосылады. Ем алушылардың баскетбол, волейбол және футбол ойнауларына мүмкіндіктері пайда болады. Жаңа жылу қазандығы пайдалануға беріледі. Қазіргі күні ішкі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмыстың сапалы әрі уақытында атқарылуына басты назар аударылып отыр


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу