Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 54 95
+7 775 397 61 35
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БАСТЫ МАҚСАТ – НАУҚАСТАРДЫ САУЫҚТЫРЫП, ЖАҢА ӨМІР БАСТАУЫНА ЫҚПАЛ ЖАСАУ


Облыстық психикалық денсаулық орталығы «Еріксіз емдеу» бөлімінің меңгерушісі Маржан Естаева өз ісінің нағыз маманы. Отыз жылға жуық тәжірибесі бар дәрігер маскүнемділік пен нашақорлыққа шалдыққан науқастарды нәтижелі емдеп келеді. Ақ халатты абзал жан бұл дертті жеңу үшін ең алдымен ем алушының қажыр-қайраты мен ерік-жігері керек екенін айтады.


Маржан Қаражанқызы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының түлегі. Алғаш еңбек жолын облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан бастаған. 2002 жылдан бастап облыстық психикалық денсаулық орталығында еңбек етіп келеді. Дәрігердің басты мақсаты – қауіпті кеселге шалдыққан жандарды сауықтырып, жақсы өмірге оралуына септігін тигізу. Жасыратыны жоқ, бүгінде Маржан Естаева жұмысы өте күрделі, науқастары қауіпті бөлімді басқарып отыр.


«Негізінен біздің бөлімде соттың шешімімен емделу тағайындалған азаматтар жатады. Мұндай науқастармен жұмыс жасау өте қиын. Олардың басым бөлігі сырқаттарынан ем алуға ниетті емес. Тіпті өздерің «сау адам» санайды. Медициналық қызметкерлерге дөрекілік танытып, ем-дом жасауға қарсылық білдіреді. Соған қарамастан, біз қолымыздан келгенше ем шараларын жүргіземіз. Басты мақсатымыз – науқастарды дертінен айықтырып, жаңа өмір бастауына септігімізді тигізу», - дейді білікті дәрігер.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу