Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 66 25
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖОЛДАУ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ


Бүгінгі Президент Жолдауын ұжымдастарыммен бірге бір деммен тамашаладым. Еліміз үшін тарихи шешімдер қабылданған күн болды. Ең бастысы қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жаңа туылған нәрестелер жәрдемақысы бір жарым жасқа дейін берілетін болды. Бұл декреттік демалыстағы аналар үшін үлкен қолдау болары анық. 

Қазақстан үлкен өзгерістердің алдында тұр. Уақыт өткен сайын демократиялық қоғам құрылып, адам құқықтарының қорғалуына баса назар аударылып келеді. Соңғы жылдары көпшілік арасында әйелдердің зейнет демалысына шығу тақырыбы да қатты талқыланған болатын. Бұл мәселеге де нүкте қойылды. 

Алдымызда Президент сайлауы тұр. Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси науқанға дайындық бүгіннен басталатынын жеткізді. Әлем жұртшылығы жоғары бағалап, ел сенімі ақталатын сайлау болатынына үлкен сенім білдіремін.


Гүлайым Сейілханова

дәрігер-нарколог

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу