Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Шүкіров к-сі 52
+7 (7242) 24 53 14
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


Облыстық психикалық денсаулық орталығында жылдық қорытынды жиналысы өткізілді. 

Бағдарлама бойынша жылдық қорытынды жиналысты ОДСБ басшысының орынбасары Олжас Ысқақов  ашып, орталық ұжымын Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Өткен жылы облыстағы наркологиялық және психоневрологиялық орталықтың бірігу процесі толықтай аяқталды. Бүгінде емдеу мекемесінің алдында үлкен міндеттер тұр. Олжас Ермекұлы заңнамаға енгізілген өзгерістерді тілге тиек отырып, орталық ұжымын ауызбіршілікте жұмыс жасауға шақырды.


Жиын бағдарламасына сәйкес, алдымен облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының психиатрия саласы бойынша орынбасары А.Әлназарова баяндама жасады. Өткен жылы ОПДО психиатрия саласы бойынша 2197 адам медициналық көмек алды. Оның ішінде 1031 науқас жоспарлы стационарға орнатылса, 1130 адамға шұғыл қызмет көрсетілді. Орталық жанында шақырылымдарға шұғыл жететін мамандандырылған жедел жәрдем бригадасы жасақталған.2020 жылы орталықтың кезекші бөліміне жалпы алғанда 1406 шақыртылым түскен. Сонымен қатар, өткен жылы 3 адам дертінен толық айыққан болса, 2153 адамның жағдайы біршама жақсарғанын аңғаруға болады. Денсаулық жағдайы өзгерусіз қалған 32 науқас тіркелген. Өкінішке орай, 3 науқасымыз көз жұмды. Қайтыс болған азаматтың біреуі пневмония дертінен көз жұмса, екіншісі инсульттан қайтыс болды. Үшінші науқастың ішегінде бөтен заттың болуынан көз жұмды.


Мұнан соң, облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының наркология саласы бойынша орынбасары Гүлайым Сейілханова баяндама жасады. 2020 жылдың қорытындысымен облыс бойынша есепте тұрған науқастардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 5426-дан 5400-ге азайған, яғни 26 науқас кеміген. Бұл көрсеткіш Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Жалағаш, аудандарына қатысты, қалған аудандарда аздап өскендігі байқалады. 


2020 жылдың қорытындысы бойынша 797 нашақор есепте тұрады. Өкінішке орай, тіркелген азаматтардың қатарында кәмелетке толмаған бір жасөспірім уытқұмарлық диагнозымен есепке алынған. 

Өткен жылы ауруханаға 1161 адам түсіп, қажетті медициналыө көмек алды. Сот шешімімен мәжбүрлеп емделуге түскен науқастардың үлес салмағы 12 пайыздан 13 пайызға өсті. Емдеу нәтижесі бойынша «жақсарумен» емделіп шыққандардың көрсеткіші 99 пайыз аралығында. Өайтыс болғандардың саны 1-ден 6-,а өскен. Көз жұмған жағдайлардың барлығы бойынша клиникалық талдаулар жүргізілді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу