Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 66 25
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

БІЛІМДІ МАМАН, БІЛІКТІ БАСШЫ


Әбітайқызы. Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас мейірбикесі Ақмарал Маханбетжанованы әріптестері осылай атайды. Жұмысына тиянақты, талабы жоғары, нағыз білікті маман өз әкесінің есімін асқақтатпаса, ешқашан төмендеткен емес. Ақмарал Әбітайқызының емдеу мекемесінде еңбек етіп келе жатқанына 20 жылға жуық уақыт болды. Жұмысқа қарапайым мейірбике болып орналасқан жан, бүгінде орталықтың кіші және орта буын өкілдерінің қызметін ұтымды ұйымдастырып отыр.

Басшы болу - қашанда оңай міндет емес. Медицина саласында мейірбикелердің міндеті орасан зор екенін ескерсек, бас медбикеге түсетін жауапкершіліктің салмағын бағамдай беріңіз. Ақмарал Әбітайқызы науқастардың сапалы ем алуын ғана емес, ғимарат ішінің тазалығын да қатаң назарда ұстайды. Аптаның 7 күні, тәуліктің 24 сағатында үнемі байланыста болып, қарамағындағы қызметкерлерінің жұмысын жауапты атқаруын талап етеді. 

"Орталықтың ұжымы - үлкен. Басым бөлігі кіші және орта буын медицина мамандары. Әрбір адаммен тіл табыса білу маңызды. Сол кезде ғана жұмыста нәтиже болады деп ойлаймын. Науқастың жазылып кетуі 80 пайыз мейірбикеге байланысты. Дәрігер нұсқауын дұрыс орындаған кезде ғана ем алушы дертінен сауығады. Жылы сөз бен жылы қабақтың өзі - ем. Мен осы қағиданы қатты ұстанамын", - дейді бас мейірбике. 

Ақмарал Маханбетжанова коронавирус індеті өршіген тұста алдыңғы шепте жұмыс жасаған маман. Өз өміріне қауіп төнсе де, міндетін абыроймен атқарды. Еңбегі елеңбей қалмады, ең беделді "Халық алғысы" төсбелгісімен наградталды. Талапшыл, білікті, білімді, еңбекқор. Бұл қасиеттің барлығы бас мейірбикенің бойынан табылады.


Кәсіби мерекеңіз құтты болсын, әріптес!

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу