Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Шүкіров к-сі 52
+7 (7242) 24 53 14
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАУЫРТ


Облыстық психикалық денсаулық орталығы қабылдау бөлімінің жұмысы күндіз-түні бір сәтке де тоқтамайды. Тәулігіне мұнда орташа есеппен 10-ға жуық науқас тасымалданып, алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жалпы, ішімдік пен есірткіге тәуелді азаматтар айналасындағы адамдарға қауіп төндіретіні белгілі. Соған қарамастан, қабылдау бөлімінің мамандары өз міндеттерін мінсіз атқаруға тырысады.


«Қабылдау бөлімінің жұмысы оңай емес. Көп жағдайда науқастар учаскелік полицейлермен бірге келеді. Біз жұмысымызды құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп атқаратынымыз рас. Емдеу мекемесіне келген азамат алдымен толықтай медициналық тексеруден өтеді. Жағдайы ауыр болса, реаниматолог маман көмек көрсетеді. Содан тыныштандыру дәрісін егіп, «Обсервация»бөліміне жолдаймыз. Ол жақта науқас толықтай дәрігердің бақылауында болып, қажетті емін алады», - дейді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айсара Айдынбаева.


Сонымен қатар, Айсара Базарханқызы соңғы уақытта ішімдікке алғаш рет тәуелділігі пайда болған азаматтардың көбейіп кеткенін атап өтті.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу