Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Шүкіров к-сі 52
+7 (7242) 24 53 14
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ, БІЛІМІ ТЕҢІЗ ДӘРІГЕР


Облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлімше меңгерушісі Мажитова Алия Мусилманбекқызы өз ісінің нағыз маманы. Білікті дәрігер 40 жылға жуық уақыт денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келеді. Талай науқасты маскүнемділіктен айықтырып, жаңа өмір бастауына өзінің үлесін қосуда.

Алия Мусилманбекқызы 1961 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Алматы медициналық институтының түлегі. Еңбек жолын облыстық наркологиялық орталықта қарапайым дәрігер болып бастаған. Бүгінде білікті маман – жоғары санаттағы дәрігер. Алия Мажитова орталыққа келіп түскен емделушіге арнайы көңіл бөледі. Науқастың дертінен сауығып кетуіне білімі мен біліктілігін жұмсап, қажетті нәтижеге қол жеткізе алады. ​

Орталық дәрігері жас әріптестерімен тәжірибе бөліседі. Оқу орнын енді тәмамдап келген жас мамандарға білгенін үйретіп, кемшілігін түзеуге тырысады. Өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарады.

«Дәрігер болу үлкен жауапты іс, Бұл салада қажырлы еңбек, біліктілік қатты бағаланады. Өйткені ақ халатты абзал жандар науқастың өміріне ғана емес, оның тағдырына да жауап. Ал адамның тағдырына немқұрайлы қарауға болмайды. Мен саналы ғұмырымның басым көпшілігін осы салаға арнап келемін. Осы мамандықты таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін», - дейді Алия Мажитова.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу