Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Шүкіров к-сі 52
+7 (7242) 24 53 14
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ҚҰРМЕТТІ МАРАПАТ ЛАЙЫҚТЫ ИЕСІН ТАПТЫ


Сүйінші жаңалық! Облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Әділбай Медетбаев медицина қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған "Біздің сүйікті дәрігер" байқауының "Үздік денсаулық сақтау менеджері" номинациясының иегері атанды. Әділбай Қаниұлын құрметті марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. ​

Әділбай Медетбаев - жоғары санаттағы дәрігер-ұйымдастырушы. Білікті басшы, білімді дәрігер. Саналы ғұмырын медицина саласына арнап келе жатқан азамат. 2018 жылы облыстық психикалық денсаулық орталығы директоры лауазымына тағайындалды. Осы уақыт аралығында емдеу мекемесінің қордаланып қалған мәселелерінің шешілуіне атсалыысып, жаңадан құрылған орталықтың жұмысын аяғынан тік тұрғызды. Өткен жылы, екі тәулік ішінде "Сейхун" провизорлық стационарының жұмысын ұйымдастырып, қарамағындағы қызметкерлерінің сапалы қызмет жасауына мұрындық болды.

Марапатыңыз құтты болсын, біздің сүйікті дәрігер!


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу