Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 66 25
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖАС МАМАНДАР ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігерлер құрамы жас мамандармен толықты. Бүгінде оқуды жақында бітіріп келген ақ халаттылар негізгі міндеттеріне кірісіп, еңбек етуде. Өз кезегінде, тәжірибелі дәрігерлер жас толқынға қолдау көрсетіп, алғысы мол  мамандықтың қыр-сырын үйретуде. 

Жанерке Асылбекова - С.Асфендияров атындағы Алматы медициналық мемлекеттік университетінің түлегі. Бүгінде жас маман "Ерлер" бөлімінде қызмет етуде. Психиатр-нарколог өз жұмысын ерекше ықыласпен атқарады. Алдына келген науқасқа жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетіп, дертіне шипа беруге тырысады.  Жанеркенің болашаққа деген жоспары көп. Жас дәрігер аға буын өкілдерімен тәжірибе алмасып, білімін толықтыруды көздейді.

Дәрігер - нарколог Жасұлан Амиров те орталыққа келген жас мамандардың бірі. Бүгінде ол облыстық психикалық денсаулық орталығы қабылдау бөлімінде еңбек етеді. Орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген науқастарға алғашқы көмекті көрсетеді. Жасұлан өзіне жүктелген жауапкершіліктің салмағын жақсы түсінеді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу