Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Шүкіров к-сі 52
+7 (7242) 24 53 14
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Дәрігерлерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбы түсіндірілді


Қызылорда облыстық психологиялық денсаулық орталығының ұжымы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысымен кездесті. Семинар-тренинг барысында Абылайхан Рахимов аталған тақырып аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, Үкімет тарапынан қолға алынған жаңа бастаманың ерекшелігі туралы баяндап берді.

Бүгінгі таңда қазақстандықтарға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі жан-жақты түсіндірілуде. Елбасының "100 нақты қадам" Ұлты жоспарында аталмыш мәселеге айрықша орын ерілген. Бұл жоба ең бірінші кезекте, медициналық көмектің сапасын жақсартуға жол бермек. Сондай –ақ, халық арасында жұқпалы емес созылмалы аурулардан болатын өлім-жітім мен мүгедектік көрсеткіштеріне ықпал етуге мүмкіндік болады. Жалпы, бұл жүйе азаматтардың медициналық қызметтерге жұмсайтын жеке шығындарын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жалпы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру", жүйесі дәрігерлердің арасында да бәсекелестікті арттыратын болады. БМСК мамандарына, сонымен қатар, шұғыл медициналық қызметке түсетін шамадан тыс жүктемені азайтуға жағдай жасалмақ.

Шара аясында Абылайхан Мейірманұлы арнайы слайд арқылы, жүйенің жүзеге асырылу тәртібін кеңінен тсіндірді. Дәрігерлер маманға көкейдегі сауалдарын қойып, мардымды жауап алды.     

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу