Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Г. Мүсірепов к-сі, 71
+7 (7242) 24 66 25
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ҚАН ТАПСЫРЫП, ДОНОР БОЛ!


5 қаңтар күні еліміздің бірнеше өңірлерінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, қоғамның тыныштығы бұзылды. Өкінішке орай, бей-берекетсіздік біздің облысымызда да көрініс тапты. Бұзақылардың әрекетінен қарапайым халық пен тәртіп сақшылары зардап шекті. Жарақат алған науқастарға медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс жасап, өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Осы орайда, облыстық психикалық денсаулық орталығының ұжымы қан орталығына барып, донор болды. Осылайша қақтығыс кезінде зардап шеккен азаматтарға қолдау білдірді. 

"Бұл біздің азаматтық парызымыз деп ойлаймыз. Сындарлы сәтте бір-бірімізге көмек беруіміз керек. Күшіміз - бірлікте! Көпшілікті қан тапсырып, донор болуға шақырамын. Сіз бір адамның өмірін сақтап қалуыңыз мүмкін", - деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Аман Тұрсынов.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу