Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Шүкіров к-сі 52
+7 (7242) 24 53 14
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

РАЯ КЕРІМОВА: ВАКЦИНА АРҚЫЛЫ ӨЗІМДІ ЖӘНЕ ОТБАСЫМДЫ ДЕРТТЕН ҚОРҒАДЫМ


«Қазіргі уақытта кеселді дертті жеңудің жалғыз ғана жолы бар. Ол вакцина салдыру. Екпе ектіруге күмәнмен қараудың, бұл процедурадан қорқудың қажеті жоқ». Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте медицина саласының ардагері Рая Керімова осылай деді. 

– Қазіргі аймағымыздағы санитарлық эпидемиологиялық ахуал көпшілігімізді алаңдатып отырғаны рас. Күн өткен сайын коронавирус індетіне шалдығып жатқан науқастардың қатары артып жатыр. Енді бұл кеселді жеңу үшін сақтық шараларын жасап, екпе салдыруымыз керек. Екпеден қорқасоқтаудың   қажеті жоқ. «Спутник – V» препараты тиісті сынақтардан өткен. Ғалымдар бұл вакцинаның кеселмен күресуге қауқарлы екенін айтып отыр. Мамандардың кеңесіне құлақ түргеніміз абзал. Бүгінгі күні басты мақсат – ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Сол кезде ғана біз бұрынғы тіршілігімізге қайта орала аламыз.

Мен медицина саласында 40 жылдан астам еңбек еткен   маманмын. Еңбек жолымда жансақтау бөлімінде еңбек еткен жылдарым әлі есімде. Сол бөлімде жан ұшыра жұмыс жасайтынбыз. Талай адамның ажал аузында жатқанын көрдім. Қазіргі жағдай тіпті күрделі. Соңғы жайттарды көре отырып, мен де вакцина салдырдым. Препараттың екі компонентінде толық қабылдадым. Бұл шешімім үшін өкінбеймін. Жалпы, қауіпті инфекцияға жасы үлкен жандар тез шалдығатындығы айтылып жатыр ғой. Мен екпе ектіру арқылы өзімді және отбасымды дерттен қорғадым деп ойлаймын. Сол себепті барлықтарыңызды вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіміз үшін де, қоғам үшін де маңызды шешім, – деді Рая Әбдіхалыққызы.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу