Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы

Қазақстан, Қызылорда, Шүкіров к-сі 52
+7 (7242) 24 53 14
+7 702 793 58 94
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖАТТЫҒАЙЫҚ, БӘРІМІЗ БІРГЕ!


Облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанады. Соның ішінде ер азаматтар жұмыстан кейін, бір мезгіл орталықтың спортзалында шынығып, түрлі сайыстарға қатысады. Оның ішінде футбол, баскетбол, волейбол сынды ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, мықтылар бақ сынасады.

Айта кету керек, облыстық психикалық денсаулық орталығының ұжымы дәстүрлі медицина қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылатын облыстық спартакиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы. Өткен жылы корнавирустық пандемияға байланысты аталмыш сайыс ұйымдастырылмай қалған болатын. Биылға додаға дайындық басталып кетті. Мамандар денені шынықтырып, алдағы сайыста жоғары деңгейде нәтиже көрсетуді мақсат етіп отыр.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу